476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бейжіңде ғұлама ақын Абайдың туған күніне орай шығармашылық кеш өтті

  • 152
  • UPD: 15:59, 10.08.2022

Дәстүрге айналған «Абай оқулары» Қытай астанасында осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шара Абай мүсініне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Іс-шараға шет елдердің дипломаттары, Қытайдың мемлекеттік және академиялық топтарының өкілдері және Бейжің тұрғындары қатысты. Мерекеге орай оқушылар мен студенттер қазақ әдебиеті классигінің шығармаларын орындады. Еске сала кетейік, осыдан 8 жыл бұрын Қытай астанасының ең ірі саябақтарының бірінде  Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылды. Ал былтыр қытайлық мүсінші Юань Сикунь ұлы ойшылдың ескерткішін Абай облысындағы мектеп-интернатқа сыйға тартты.

Шахрат Нұрышев, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі:

- Абай тек ғана қазақ халқына емес, барлық адамзатқа өте белгілі тұлға. Сондықтан да қытай халқына насихаттау мақсатында, Абайдың шығармаларын дәріптеу мақсатында, бүгін Абайдың өлеңдері оқылды, Абайдың шумақтары қазақ, орыс, қытай тілдерінде оқылды. Бұның барлығы тек ғана Абайдың шығармаларын ғана емес, жалпы қазақтың мәдениетін, қазақтың әдебиетін, тарихын насихаттаудың бір түрі деп ойлаймыз. Ек мемлекеттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосқан іс-шаралардың бірі деп ойлаймыз. Жалпы Абай сияқты біздің басқа белгілі тұлғаларымызды насихаттау арқылы біздің басты мақсатымыз қытай халқы қазақ халқын, Қазақстан туралы ақпаратты көбірек білсе, Қазақстанды көбірек таныса, екі мемлекеттің, екі халықтың арасындағы бір-біріне деген түсіністігі нығайса деген мақсат.

- Абайға арналған шараға қатысқаныма өте ризамын. Оның өлеңдерінен жастар мақтанбай, білімге ұмтылуы керек екеннін түсіндім. 

- Бүгін әр адам адал және бір-біріне кішіпейіл болуы керек және уәделерін міндетті түрде орындауға тиіс екенін ұқтым.

- Бүгін Абай өлеңдерін оқыдық. Онда өзге адамдармен тілдескенде сөздерін бөлуге болмайтыны және өзара құрметтеп. қадірлеу керектігі айтылған.  

 

Хабар 24 телеарнасы