Жамбыл облысында 12 мәдениет үйі салынып жатыр

Оның жартысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мысалы Шу ауданындағы Дінмұхамед Қонаев ауылында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы былтыр шілде айында басталған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тек әрлеу жұмыстары қалды.  Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай салынып жатқан мәдениет үйін осы айдың соңында ашу жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Нұрмағамбетов, Қонаев ауылының әкімі:

- Халық қуанып жатыр. Өйткені ауылымызда үлкен мәдениет үйі ашылып жатыр. Мұның жалпы сомасы 350 млн теңге, үлкен қаражат, үкіметтен бөлінген қаражат, облыстан, ауданнан бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан объекті болып есептеледі. Мұның ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай зал 180 орындық, ішінде кітапхана болады, танцевальный кружоктар болады, басқа да кружоктар болады.