30 жыл бойы жазылған кітаптың тұсаукесері өтті

30 жыл бойы жазылған кітаптың тұсаукесері Жетісу облысы Шоқан ауылында өтті.

Ол «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» деп аталады. Кітап қазақстандық ғалым, саяхатшы-этнографтың мұражайында таныстырылды. Зерттеудің авторы Жарас Ермекбаев туынды үшін отыз жыл уақытын арнаған. Бұл бекер емес. Өйткені, оның әжесі Шоқан Уәлиханов туған ауылдан. Бүкіл балалық шағы ғалымды қастерлеп, дәріптейтін мекенде өткен автор осылайша Шоқанға кітап арнауды ұйғарады. Кітапты жазу барысында автор сирек мұрағаттармен танысу үшін бірнеше елдерді аралап, тың деректермен танысқан. «Әсіресе, Шоқанның қолжазбаларын оқу қиынға соқты»,-дейді автор.

Жарас Ермекбай, кітап авторы, тарих ғылымдарының докторы:

- Қазақстанда бір адам ғана Шоқанды оқитын. Марқұм ол анау Мариям Сүлейменова деген бір ғалым болған. Тарих институтында. Сол шоқантанушы болды. 0232 Жазғаны қысқаша, тез жазады ғой, далада жүреді ғой енді. Көшпенділі болатын, саяхатшы болатын. Сондай өмірі қысқа болғанымен біраз қолжазбалары қалды. Ол бұрынғы Ленинград болды, қазір Санкт-Петорбордың архивінде, мен соны қарадым, отырдым, қоры бар.