Құрманғазы оркестрінің музыкалық қорында 3500-ден астам шығарма бар

Тамаша табиғат аясында оркестр  Құрманғазы, Тәттімбет,  Дайрабай, Сүгір мен Дәулеткерейдің,  Дина мен Нұрғиса Тілендиевтің  күйлері орындады. «Аюсай» шатқалы шабытқа бөленіп, демалуға келгендер керемет әсер алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы ғасырға жуық тарихи бар Құрманғазы оркестрінің музыкалық қорында 3500 ден астам шығарма жинақталған.

Абылай Тілепберген,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері:

- Музыкамен табиғат үйлесімділігін тауып сол жерде өнер көрсету біз үшін өте үлкен мәртебе. . Осы концертке арнайылап әлемдік класикалық музыкадан да , класикалық әндерден де , поп әндерді қосуға тырыстық. Себебі тыңдарман талғамы әртүрлі. Күйді де жақсы көреді. Әнді же жақсы көреді қазақтың 3 сағатқа созылған концерттік бағдарламада халық композиторларының әндері де шырқалды. Әлемге танымал класикалық музыка  орындалды.  Оның ішінде Моцарт пен Жорж Бизенің өлмес мұралары, заманауи эстрада әндері де болды.

- Өте керемет әсер аласың мына таудардың бөктерінде. Әсерім сөз жоқ айтатын. Ешқандай сөзбен жеткізе алмай тұрмын.

- Өте керемет. Біз ойламаған жерден осындай керемет концертке келіп қалдық. Апам келіп еді қыдырып. Соған қуанып қалдық

Авторлары: А. Садуақас, Н. Жақсыбаев