Шымкентте сирек кездесетін самаурындар көрмеге қойылды

Шымкентте сирек кездесетін самаурындар көрмеге қойылды. Көпшілік назарына музей қорында сақталған отызға жуық самаурын ұсынылды. 

Тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері бұл жәдігерлерді он жылдан бері облыстың әр аумағынан арнайы жинаған. Сәндік безендірілуі өнертапқыштық маңызға ие. Сондай-ақ тарихи мәні мен көлемінің түрлілігі өзіндік ерекшеліктерін айшықтап тұр. Музей мамандары самаурынның көбі 19 ғасырға тиесілі екенінін айтады. Жәдігердің басым бөлігі коллекциянерлер  қолында болып, осы уақытқа дейін қаз-қалпында сақталған.

Андрей Донец, археология бөлімінің аға қызметкері:

- Олардың көбі түрлі пішінге ие. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың алғашқы жартысында қолданыста болған. Самаурындардың  ішінде көмірмен ағаш және электрлі түрлері де бар.