Сәкен Сейфуллиннің қолданған жеке заттары музейдің балансына көшірілді

Классикалық стилдегі костюм-шалбар, қымбат әтір құтысы, алтын, күміс қасықтар. Бұның бәрі тумысынан сері атанған Сәкен Сейфуллиннің қолданған жеке заттары. Енді бұл жәдігерлерді үнемі ақынның өз атындағы музейінен көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Несіпбек Айтұлы, Сәкен Сейфуллин музейінің басшысы:

- Барлығы біздің музейдің балансына көшірілді. Міне бүгін музейдің қуанышты күні. Сәкеннің барлық дүниелері жинақталып өзінің музейіне келді. Бұны сүйінші сұрап, халыққа неге айтпасқа? Бұл да бір үлкен оқиға.

1973 жылы ақынның жары Гүлбаһрам дүниеден өткеннен кейін оның туыстары Сәкен Сейфуллинге тиесілі жәдігерлерді Алматы музейіне табыстаған.  Елордадағы қазіргі музейі 1988 жылы ашылды. Алайда тау тұлғаның қолданған заттары осыған дейін тек орталық музейдің меншігінде қалған. Ал, оларды осы музейге алдыру үшін бірнеше мәрте келіссөздер жүргенімен, міне нәтижесі 34 жылдан кейін көрінді.

Роза Асылбеков, Сәкен Сейфуллин музейінің алғашқы директоры:

- Алғашқыда музейдің қоры өте аз болды. Есімде 260-тай ғана қор болды. 02,16 ылғи суреттермен безендірілді. Аз ұжыммен біз Сәкеннің мұраларын іздеуге кірістік. 04,10 Музейдің қорын жинауға бізге көп адамдар көмектесті.

Сәкен Сейфуллин музейі бас қаладағы ХХ ғасыр басын­да салынған ғимаратта орналасқан. Осыдан 34 жыл бұрын сау­сақпен санарлық қана экс­понат­пен ашылған Сәкен му­зе­йі, бүгінгі күні жеті мыңнан астам жәдігерлер әлеміне айна­лған. Бұл қара шаңырақ ақынның қам­шының сабындай ғұмырынан сыр шертіп тұр.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Қанат Махмұдов