Ақтаудағы Достық үйі ғимаратының алаңы этноауылға айналды

Алыстан көз тартатын ақшаңқан алты қанат киіз үйлер құрылып, іші байырғы жәдігерлермен безендірілді.

Алаңда 100 шақты домбырашы күмбірлете күй тартып, жиналғандарға өнерлерін паш етуде. Ал, мына жақта ұлттық спорт түрлерінен, яғни асық ату, қазақша күрестен жарыс өтіп жатыр. Сондай-ақ, 70-ке жуық қолөнер шебері өз қолынан шыққан туындыларын көпшілікке ұсынды.  Көрмеде ұлттық киімдерден бастап, ағаштан, темірден, теріден, күмістен жасалған, көздің жауын алар түрлі бұйымдар бар. Шалғай Бейнеу ауданынан келген шебер Төремұрат Өмір күмістен жасалған әшекейлерді әкелген. Дәл қазір қолөнершімен тілдесейік.

- Төремұрат Өтепқалиұлы сәлеметсізбе!  Ата-бабадан қалған бұл дүние күннен күнге ұмыт болып бара жатыр ма? Әлде сұраныс бар ма? Бүгін қандай ерекше бұйым ұсынасыз?

- Бүгінгі шараның мақсаты- Маңғыстауда этнотуризмді дамыту. Сондықтан шет мемлекеттерден арнайы сарапшылар шақырылған. Олар ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осыған дейін екі жақты келісімге қол қоййыған. Қазір жанымда шараның ұйымдастыруына тікелей мұрындық болған Сәуле Салихова тұр.

- Сәуле Халелқызы, бүгінгі шараға келушілердің қарасы қалың. Қала тұрғындарынан бөлек, шет елден делегация келді. Оларды шақырудағы мақсат қандай және осындай ауқымды форум тағы да жалғаса ма?

Бірер сағаттардан соң шараның ресми бөлімі басталады. Онда еліміздің өзге өңірлерінен келген қолөнершілер баяндама жасап, саланы дамыту бойынша жоспарларын ортаға салады.