«Аватар» фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартады

Қазақ тілді көрерменге ақжолтай ақпар. Жексенбіден бастап еліміздің кино-театрларында «Аватар» фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартады.

Кинематография әлемінде бұл туынды ең жоғары кассаны жинаған фильм ретінде, тарихта қалған. Фильм 2009 жылы жарыққа шыққан еді. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – «Аватардың» екінші бөлімімен байланысты. Оның да премьерасы 16 желтоқсанда ана тілімізде шығады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмі де қазақша дубляждалады.

Министрдің айтуынша, енді әлемдік картиналардың, мемлекеттік тілдегі прокаты көбейеді.

Сондай-ақ...