Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы оқулары өтті

Ахмет Байтұрсынов қазақ халқын өнер мен білімді игеруге шақырды.

Араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Зиялылармен бірігіп, «Қазақ» газетін шығарды. Оның  қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымындағы еңбегі ұшан теңіз. Қазіргі ұрпақ ұлт ұстазының жүріп өткен жолын білуі тиіс, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Ғарифолла Әнес, Филология ғылымдарының докторы:

- Әсіресе, мына жас ұрпақ үшін Ахмет Байтұрсыновты тануы үшін, Ахмет Байтұрсыновтың арманын іске асыру үшін үлкен шаруа ғой есептеймін. Ахмет Байтұрсынұлы  өлеңдерін тыңдап, тарихшы басқа ғалымдардың пікірлерін тыңдап менің ойымша бір тағылымды шара болды ғой деп ойлаймын.

Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы.  Ахмет Байтұрсынұлы осының бәрін меңгерді. Ол өмірін ағартушылыққа арнады.  Міне  осындай қасиеті жастарға үлгі болуы тиіс. Бүгінгі шараның көздегені де осы.

Гүлшара Есетқызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біздің ұрпақ Ахмет Ағаның барлық еңбектерін , барлық шығармаларын бәрін білсін терең түсінсін деген ойменен әрбір оқушыға, бүгін сегіз оқушы келіп тұр, ал қазақ тілінің мұғалімдері 5 сыныптан бастап Байтұрсынұлы оқуларын  оқуларын өткізіп жатыр.

Шара барысында мектеп оқушылары мен студенттер Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын жатқа оқыды. Олардың бірқатарына  алғыс хаттар табысталды. Ұлт ұстазының мерейтойына арналған іс шаралар реті жыл бойы  жалғасады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев