loader


Өзбекстандағы қандастар Мұхтар Әуезовті еске алу шарасын өткізді

Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай Ташкент облысының қазақтары рухани шара ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени орталыққа жер-жерден жиналған қаракөздер ән-жырын айтып, ұлттық құндылықтарын дәріптеді. Жазушы Қалдыбек Сейданов «Әуезов және Орта Азия әдебиеті» атты жаңа туындысын таныстырды. Публицист ғалым қазақ пен өзбектің арасындағы мәдени тамырластықты толғап, өзара байланысын зерттеген. Абай жолы романының қоғамға қаншалықты әсер еткенін де шығармасына қосты. Сол арқылы жергілікті қазақтардың тілін сақтап, мәдениетін ұлықтауға үлес қосып отыр. Мұхтар Әуезов өмірінің бірнеше жылын Ташкентте өткізген. Тоталитарлық жүйеге қарамастан, газет-басылымдарға рухты шығармаларын жариялады. Қандастар жазушының мол мұрасын дәріптей бермек. Себебі өскелең ұрпақ Әуезов арқылы ұлы ойшыл Абайдың әлемін танып өседі.

Қалдыбек Сейданов, жазушы:

Әуезов жайлы ой толғағанда ол мықты драматург, прозаиг, ғалым, аудармашы. Қанша шығарманы қазақ тіліне аударған. Осындай кең тынысты кемеңгер ғұламаның 80, 100, 120 жылдығына бардым, Енді ертең 125 жылдығына барып, «Әуезов және Орта Азия» деген баяндаманы жасаймын. Мына сол кітабым шықты.

Сондай-ақ...