loader

Атыраудағы тарихи-мәдени нысандарға QR-код енгізілді

Атыраудағы тарихи-мәдени нысандарға QR-код енгізілді

Енді өңірге келген туристер Сарайшық қалашығы, Сарайшық музей қорығы, Хиуаз Доспанова, Жұмекен Нәжімеденов, Дина Нұрпейісова және Құмаршық ескерткіштері туралы мәліметтерді 5 тілде QR-код арқылы ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл жоба үшін жергілікті бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінді. Қазір өңірде 4 республикалық, 300-ден астам жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени нысан орнатылған. Балалар жылы аясында да «Өз еліңді танып біл» жобасы іске асып жатыр. Аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары үшін жергілікті тарихи-мәдени орындармен қатар, Астана, Алматы және Ақтау қалаларына экскурсия ұйымдастырылған.

Әлима Рамазанова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

5 тілде ақпарат ала алады. Яғни қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше және қытай тілдерінде. Бұл ақпарат оқытылу арқылы алуға болады, сонымен қатар аудиожазба тыңдау арқылы және 3D тур жүргізу арқылы ақпараттар беріледі. Бұл енді әр түрлі Қазақстанның облыстарынан келген, шетелден келген туристерге өте ыңғайлы жоба.

 

 

 

Сондай-ақ...