Моңғолиядан табылған Құтылық Елтеріс қағанның кешені түркі ғалымдарын қызықтырып отыр

Моңғолияның Номғон жазығында табылған Құтылық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы түркі ғалымдарын қызықтырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кешен Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген экспедициясы кезінде табылды. Көне ескерткіштің екі бетінде 12 жолдан тұратын көне түрік бітік жазуы бар, ал үшінші қырында көне соғды жазуы қашалған.

Бұған қоса, бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші саналады.Түркияда бас қосқан түркологтар, қазба жұмыстарын жүргізген Түркі Академиясы мен Моңғолияның ғылым академиясының ғалымдарымен ұзақ тілдесіп, пікір алмасты.

Алтангэрэл  Энхтөр, Моңғолия Ғылым академиясының профессоры:

- Түркі академиясының сол кездегі басшысы Дархан Қыдырәліның бастамасымен біз отызға жуық адам екі ай бойы қазба жұмыстарын жүргіздік. Әрине оңай болған жоқ. Осы бітіктасты тапқанда оның бетіндегі ерекше жазуларды көріп мұның керемет құнды олжа екенін білдік. Топырақтан тазартқанда тасқа қашалған «Құтлық қаған түрік» деген жазуды оқыдық.

Ахмет Ташағыл, тарихшы:

- Қазақ, моңғол, түрік, тағы басқа елдің жас ғалымдары осыдан кейін археологияға, түркі тарихын зерттеуге ден қояды деп ойлаймын. Бұл тарихи оқиға жастардың білім-ғылымға, жалпы ізденуге құлшыныстарын оятса ғалымдардың еңбегінің ақталғаны. Біз бұл бітіктастағы жазуларды аударып, түркілерге тиесілі екенін тезірек ғылыми түрде дәлелдеуіміз қажет.

Сондай-ақ...