Голливудты қазақша қалай сөйлетеміз

Disney, Marvel және Sony Pictures. Кино әлемін жауһар туындыларымен жаулаған бұл компаниялар дубляжға да талғаммен қарайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Голивуд шыңындағы фильмдерді өз тіліңе аудару үшін дәл осындай ірі киностудиялардың қойған талабына сай болу керек. Олар жоғары сапалы техникадан бастап актерлардың шеберлігіне дейін тексереді. Бұған дейін де демеушілер көмегімен отандық дыбыс студиялары голивуд қойған талаптардан мүдірмей өтіп, ондаған фильмді қазақшаға аударған еді. Енді бұл саланы мемлекет қаржыландыратын болды. Жылдар бойы жинаған тәжірибенің арқасында енді отандық студиялар Голиввудтықтардың талабынан мүдірмей өте алады. Осының есебінен енді кинотеатрда қазақ тілді фильмдер көбейеді. Соның бірі 16 желтоқсанда жарық көретін «Аватар: су жолы» фильмі.

Ғани Мұратов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басқарма басшысы:

- Қазақ тілді киноконтентті қолданатын көрермендер саны өте күрт жоғарлады. Сондықтан да біз бұл көрермендердің сұранысын ескере отырып, осы фильдерді қазақ тіліне біртіндеп дубляждауды бастадық. Алдағы уақытта да үлкен жобаларымыз күтіп отыр. Дәл сонда марвел киножобаларын қазақ тіліне аудару көзделген. Қазақ тіліне дубляждау жұмысына ең беделді майталман актерлар, режиссерлар, дыбыс режиссерлар және студиялар тартылып отыр.

Дубляж саласында ең басты ескеретін жайт – тіл тазалығы. Шетелдік туындыны аударған кезде әдеби тіл мен тұрмыстық тілдің салмағын тең ұстау маңызды. Қазақша таза сөйлеп, көрерменді еліте білу керек. Бұл үшін студия жұмысына бір мезетте бірнеше тіл маманы араласады. Бірі ағылшыншадан тікелей қазақша аударса, екіншісі сол аударманы құлаққа жағымды етіп, жүйеге келтіреді. Кейін филолог мамандар қатесін анықтайды.

Айгүл Байбек, продюссер:

- Біздің өзіміздің фокус группа бар. Соның бәрін талқылаймыз, оқимыз, қараймыз. Кинодағыдай драфтан өткіземіз. Бұл тек бір адамның жұмысы емес, бұл ұжымдық жұмыс ғой. Қазірде де әр жобаға жаңа адамдарды қосып үйретуге тура келеді.

Жалпы  фильмді қазақшаға аударуға 1-2 ай уақыт кетеді. Әуесқой айналысқан студиялар үшін шығын көлемі 100 мың долларға дейін барады. Бірақ біздегі мүмкіндіктермен бұл шығынды 3 есе азайтуға болады. Кино өндірісі тілге деген сұранысты арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Сол үшін әр дыбыс пен әріпті жіті бақылаймыз дейді мамандар. Ал актердің дауыс тембрын фильмді шығарған компанияны бақылайды, бірінші солардан келісім алу керек. Мәселен, енді «Аватар» фильміндегі басты кейіпкер Джейк Салли рөлін қазақ тілінде тек Қобыланды Болат ғана дыбыстай алады. Қалған әртіске рұқсат жоқ.

Қобыланды Болат, актер:

- Даусымның тембрі байланысты Аватар фильмінің басты кейіпкерінің тембірі мен менің тембірімде ұқсастық болған Сөйтіп мені бекетеді Джек Сайлиға. Ағылшынша, орысша шынайы дейді, Жоқ,  олай емес, біз қазақша кино көрмегендіктен құлағымызға жат болып көрінеді. Бірақ 3-4 күн атғы бір фильм көр адам үйренеді.

Бұл салада түйіні тарқамай тұрған тағы бір түйіткіл бар. Кинотеатрлар қазақ тілінде дыбысталған фильмді прайм таймға, яғни көрерменге қолайлы уақытқа қоймайды. Қазақ тіліндегі көрерменннің көбеюіне бұл айтарлықтай әсерін тигізеді. Осы орайда, сала мамандарының мемлекет кинотеатрлармен келісімге келіп, ана тілдің аясы кеңейсе деген тілегі бар

Авторлары: Бекзат Аманов, Руслан Алиев

 

 

 

 

Сондай-ақ...