Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды

Бүгін қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғАлым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақтың заңғар жазушысы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы дүниеге келген. Қазақстан ғылым академиясының академигі артына мол әрі бай мұра қалдырды. Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткерінің оқу-ағарту ісіне, драматургия саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы. Мұхтар Әуезовтің қазақ драматургиясы мен прозасындағы еңбектері талай ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.