Жазушы Шерхан Мұртазаның екі кітабы түрік тілінде жарық көрді

Шерхан Мұртаза – қазақтың емес, мұқым түркі дүниесіне ардақты есім. Өйткені туыстас халықтардың байланысы тоқтап қалған Кеңес Одағы тұсында өзінің шығармаларында ұлттық болмыс, рух, ұлт, тіл мәселелері, сондай-ақ, қазақтың тұрмысын Шерағаның романдары арқылы біліп отырдық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазушының екі бірдей «Қызыл жебе» мен «Ай мен Айша» кітаптары түрік тілінде жарық көрді. Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлу осылай дейді. Оның айтуынша, қарымды қайраткердің шығармалары түркі әдебиетінің асыл жауһарына айналған. Тіпті одақтың «Бауырлас қаламдар» атты мерзімді басылымының арнайы нөмірі Шерхан Мұртазаға арналған еді. Ұйым биыл жазушының басқа да романдарын түрік тіліне аударып, түркі әдебиеті сөресін тағы бір кітаппен толықтырмақ.

Айта кетерлігі, «Ай мен Айша» кітабын ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев тәржімаласа, Қызыл жебені түрік журналисі Уфук Тузман аударған.

Якуп Өмероғлу, Еуразия жазушылар одағының төрағасы:

– Шерхан Мұртаза – қазақ әдебиетінің біртуар қаламгері. Тек жазушы емес, әдебиеттегі ұлттық ұстанымы да айырықша. Тілшілік қызметінде де шығармаларында да ұлттық рух, тіл және азаттық қатысты нақты бағыты болған қайраткер. Шерхан Мұртазаны білмей, қазақ халқының сол кезеңдегі болмысы мен тұрмысын білу мүмкін емес. Сөзі мен шығармалары үйлесімді жан. Жалпы соғыс кезеңінде жазушылар әскери майдан жайлы көптеп жазады. Ал сол уақытта халықтың тұрмысы түсінділмейді. «Ай мен Айша» романында біз бауырлас қазақтардың басынан не өткендігі оқып қана қоймай, оларды жақсы түсінеміз. Олармен бірге қайғырамыз.