loader


«Қара қыз» көркем фильмі экранға шығады

Отандық киноматография тағы бір тың туындымен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақстан облысында «Қара қыз» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Сценарий авторы – белгілі кинорежиссер Талғат Теменов. Түсіретін де өзі. Оның бұл жолғы еңбегіне қандай оқиға себеп болды? Сиыр сауып отырған Асқарбек деген жігіт. Ауылдың қарапайым баласы достарымен бірге сұм соғысқа аттанады. Оның соңынан әкесі де мылтық асынып, баласын іздеуге шығады.   

Ерлан Құлмұрзин, актёр:

Өмірдің ағысымен соғыс жылдарында соғысқа аттанады. Сол жерде өзінің ерлігін көрсетеді. Майдан шебінде алдыңғы қатарда болады. Бұл фильмде негізі өте ауыр сахналар көп. Күннің суықтығы енді актер болғасын төзесің. Барлығына төзу керек. Жақсы.

Көрерменге «Махаббат бекетін» сыйлаған Талғат Теменовтің туындысына тағы да сол сезім арқау болды. Бұл жолы қос ғашық вокзалда емес, қан майданда табысады.

Жомарт Зейнәбіл, режиссёрдің ассистенті:

Бұлардың махаббатына, бұлардың жақсы сондай сүйіспеншілік сезіміне ешқандай қан төгіс те, ешқандай соғыс та, майдан да кедергі бола алмайды. Сонымен қатар әкесі, әкесінің линиясы бар. Әкесі сол ұлының артынан соғысқа аттанып, ұлын іздеумен өтеді, сол соңғы минутында ұлын көріп отырып, тілдесе алмай қаза тауып кетеді.

Кинокартинада қазақ халқының тылдағы өмірі де көрсетіледі. Ал көркем фильмнің премьерасы келесі жылдың көктеміне белгіленіп отыр.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...