Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы тойланды

Қос арыстың құрметіне тұрғызылған ескерткіштің жалпы биіктігі – 5 метр. Қоладан құйылған ортадағы үстелдің үстінде қазақ елінің картасы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс Жұбанқосов, мүсінші, ескерткіш авторы:

- Қазақтың элита, эстет адамдары ғой. Өздерінің ойын, яғни ішкі дүниесін, өздерінің бір сұхбатын көрсеткім келді.

Торғай мұражай кешенінде Ахмет пен Міржақыпқа қатысты 5 мыңға жуық тарихи жәдігер бар. Соның ішіндегі құнды дүниелердің бірі – Ахаң тұтынған патефон. 

Гүлбану Сәрсекей,Торғай мұражайлар кешенінің басшысы:

- 1921 жылы Ленинмен кездесуге Мәскеуге барған кезінде дала қазақтарының мәдениетін көтеру үшін насихаттағы газеттермен, графондармен бірге патефондар болу керек деген.

«Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ахмет Байтұрсынұлының саяси және рухани мұрасына кеңінен тоқталып өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті Сенатының төрағасы:

- Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалады. Ахаң – төл әліпбиімізді жасаған реформатор. Саясилық қыры – бір бөлек. Осындай ардақты арысымыздың есімін ұмытпау, ұлт санасында жаңғыртып отыру – баршамызға ортақ міндет.

Іс-шара барысында бір қатар азаматтарға «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі, «Тіл жанашыры» құрмет белгісі табыс етілді. Ал республикалық деңгейде өткен ат жарыс, палуан күрес, өнер байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

 

Сондай-ақ...