Шымкентте зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды

Енді қариялар мәдени-рухани және спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді өткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заманауи құрылғылармен жабдықталған кешенде садақ ату, бильярд, теннис, тренажерлық жаттығу бөлмесі бар.Қариялармен жеке жаттықтырушы жұмыс істейді. Бастысы барлық қызмет түрі тегін.

Жақсыбай Оңалбек, зейнеткер:

- «Ел қазынасы – қария» деген. Қария бар жерде береке, бірлік болады. Бәрін жинап, осындай мекеме ашып жатқаны үш жерден бұл дегеніміз – үлкен мереке.

Балмаржан Нарбекова, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

- Қарияларымыз бейнетінің зейнетін көретін уақытында өздерінің замандастарымен, құрдастарымен, біріншіден, уақыт өткізеді. Екіншіден, бірнеше терапия түрлері бар. Осы қызмет түрлерін алады. Халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру арқылы кезек-кезегімен қамтылуда.