ЮНЕСКО Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын біздің ел ғана емес, «ЮНЕСКО» атап өтіп жатыр.

Бүгін Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Алаш арысының мерейтойына орай арнайы іс-шара өтті. Ұлт ұстазы ұлықталған жиынға қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. "Ахаң, алаш үшін қажет құндылықтардың жолында еңбек етті. Оқу, ғылым мен мәдениетті біріктірді". Ғалымдар осылай дейді. Жиында Ұлт ұстазының ағылшын тіліндегі жинағы таныстырылды. Бұл кітап ЮНЕСКО кітапханаларын толықтырады.

Синь Цюй  ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары:

- Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Оған қазақ өркениеті, тілі мен мәдениеті үшін алғыс айтамын.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Бүгінгі өткен іс-шараның негізгі маңызды ол әрине ел үшін ғана емес, ол жалпы ғылым даму үшін, болашақ ұрпақтан тәрбие үшін маңыз өте зор.

Мәмбет Қойгелдиев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Өкінішке орай, сонғы жылдарға дейін біз оны тек ғана жалпы Ресейлік империялық контексті қарап келдік. Бұл қозғалыс мынау халықаралық контексті бүкіл дуниежүзілік, ұлт азаттық қозғалыс арнасында қарылғандағана өзін табиғатын біз толық ашыламыз. Сондықтан бүгінгі мұра ЮНЕСКО шеберінде Париж қаласында орналасқан Ахмет Байтурсынұлының 150-жылдығының юбилейі мынау біздің қазақ тарихын оның мәденитін халықаралық дәріжеде тарату үшін өте маңызды оқиға болып табылады.