loader

«UMAI» ұлттық сыйлығы беріледі

«UMAI» ұлттық сыйлығы беріледі

Мәдени ұжымдар мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту, дәріптеу мақсатында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығы беріледі. Ұлттық премияның жүлде қоры – 54 млн теңге, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыйлық төрт негізгі санатқа бөлінеді: «Театр», «Музыкалық және орындаушылық өнер», «Хореография», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер». Сондай-ақ балалар жылына орайластырылған «Ең үздік балалар қойылымы үшін» арнайы сыйлығы бекітілді. Сараптама комиссиясының құрамында өнер саласындағы танымал тұлғалар бар, олар үздіктердің үздігін таңдау керек. Байқауға өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі:

– Сыйлық биыл жыл соңында еліміздің шығармашылық ұжымдарына және жекелеген орындаушыларға екі театрлық-концерттік маусымдағы, яғни 2020-2021, 2021-2022 жылдар аралығындағы айтулы шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер үшін беріледі.