Ақтауда Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын дәріптеген көшпелі көрме өтті

Ақтауда белгілі журналист, марқұм Нұртілеу Иманғалиұлының өмірбаяны мен шығармашылығын дәріптеген көшпелі көрме өтті. Сойы бөлек, тележурналистің 70 жылдығына арналған іс-шараға облыс басшылығы,  ардагер журналистер мен  жастар қатысты. Марқұмның жұбайы Қарлығаш Табылдинова арнайы келді. «Бай - қуатты болайық!» атты көрмеге Нұртілеу Иманғалиұлының студент кезінде жазған қолжазбалары, одан кейін жазған кітаптары, қызмет барысында қолданған фотокамерасы қойылған. Сондай-ақ, эфирге киген костюмдерін, мемлекеттік наградаларын көруге болады. Көрме Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейде 20 қазанға дейін жалғасады.

Қарлығаш Табылдинова, Н.Иманғалиұлының жұбайы:

- Биыл 70-ке келсем елді аралап, мына өңір-өңірді аралап, патша көңілді көрерменмен жүздесіп, өзімнің шығармашылық өмірімнен шағын көрме өткізсем деген жоспары болды. 4 жарым мыңға жуық хабар жасаса, соның жартысынан көбі үйдегі архивінде сақталған. Енді олардың бәрін әкелу мүмкін емес болды.

Сондай-ақ...