«Хабар» Агенттігі «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмін көрермен назарына ұсынды

«Абайдың соңғы күндері» атты деректі фильм Ұлы ойшылдың кейінгі өмірін суреттейді. Бір сериялы тарихи кино «Хабар» Агенттігінің» тапсырысымен түсірілді. Ақын өміріндегі ең ауыр соққы қай оқиға және ол жайында тарихта қандай деректер бар? Фильм сценарийінің авторлары осыған жауап іздеп, экран арқылы көрсеткен.

Қазақтың маңдайына біткен ұлы ақынның өмірін Оспан мен Әбіштің қазасы қатты күйзелтті. Бірақ үміт артқан Мағашы қасында еді. Алайда, жасынан жабысқан дерті Мағауияны да алып тынады. Ол күндер данышпан ғұмырының ең ауыр және соңғы кезеңіне айналады. Бар сүйеніші жанынан кеткен хәкім-әкенің жасы көлдей ағады. Деректі фильм желісі осы кезеңді баяндаумен басталады.

Қанат Тілеухан, фильм авторы:

- Абай маңын, айналастын зерттеген кезде табылған іздеулерден анықталған тұлғааллар. Абай өмірінің соңғы 40 күгінде Абайды жай ғана ..... осындай адамдар Абайды аман алып қалуға ауылына аттанған.

Өткен дәуірдің қойнауына енген тарихтың сәттері бұл. Оған сол заманның шетін көргендер куә. Одан басқа кәрі құлақ шежіре қарттардан естіген-білгендер ғана куәлік етер.  Фильм кейіпкерлері де осы жандар. Абайдың елінде туып, көненің көзін көрген, ақын өмірінен хабары бар адамдар. Бірі Абайдың туған ағасы Тәңірберді Құнанбайұлының тікелей ұрпағы, енді бірі Ырғызбайдың тұқымы. 

Берік Уәли, "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы:

- Абай деген тұңғиық, терең тұлға. Сол кездегі көнекөз қариялардан қалған тұяқ есту сұрастыру арқылы біз сондай жобаны мқолға алдық. Бұл енді әр қазақ үшін көру керек туынды. хабар арнасы биыл 70-тен асатам жаңа жоба ұсынады.соның бірі осы.

Абайдың соңғы күндері үнсіздікпен өтеді. Ұлы ақын қырық күн қайғыдан ажырамайды. Осы кезеңдегі Абайдың бейнесі, рухани халі деректі фильмде көрініс тапқан. Осылайша таспаға басылған кадрлар тасқа қашалған жазбадай ұлы даналарымызды ұрпақ есіне салып отырмақ. Туынды Республика күні қарсаңында көпшілік назарына ұсынылады.

Рухани Асқар, Ырыстанбек Оспанов