Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы комиссияның қорытынды отырысы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті.
Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері бағыттары бойынша екінші кезеңге өткен 10 туындыны қарады. Осылайша қазылар жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын мемлекеттік сыйлықтың үміткерлерін анықтады. Биыл Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.