Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы өтіп жатыр

Бұл сайыс әйгілі дарын иесінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 1980 жылы бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашында төрт жылда бір рет өткізілсе, кейін екі жылда бір рет ұйымдастырылып жүрді. Бірақ араға үзіліс салып, биыл қайта қолға алынып жатыр. Байқау екі кезеңнен тұрады. Шараға облыстық, республикалық маңызы бар қалалар деңгейіндегі конкурстардың жеңімпаздары атанған 20 жастан 35 жасқа дейінгі әншілер қатысып жатыр. Биыл 50-ге жуық өнер иесі өтініш берген. Жарыс соңында Гран-при иегерлері мен лауреаттары гала-концерт өткізеді. Ал жеңімпаздар мынадай талап бойынша анықталады.

Ақан Әбдуалиев, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры:

- Міндетті түрде сахна мәдениеті, олардың киім үлгісі, одан кейін орындаушылық шеберлігі, даусының мүмкіндігі, репертуарының жалпы кеңдігі болуы керек.

Нұржан Жанпейісов, қазылар алқасының төрағасы:

- Енді бізде қазақта ән атасы – «Әміре» деп айдар таққан. Өйткені ән өнерін биік деңгейде сонау алыс-жақын шетелдерге ең алғаш таныстырған біздің ұлы әншіміз деп айтсам артық етпес. Әмре атамыз жеткізген, дәріптеген сондықтан бұл үрдіс жалғасын тауып жатыр.