Балаларға арналған «Балдәурен» ән байқауы өз мәресіне жетті

Бүгін Астанада балдырғандарға ән арнаған үздіктер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауды Балалар жылына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жариялаған болатын. Өнер бәйгесіне елдің барлық аймағынан 60-қа жуық автордан 109 ән келіп түскен. Соның ішінде 5 ән ең үздік деп таңдалды. «Қуыршағым», «Жау, жаңбыр!», «Балапаным» , «Әңгелек» және «Көкорай көктем» әндеріне арнайы бейнебаян да түсірілді.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы:

– Қазақ тілінде жазылған балаларға арналған әндер жоқтың қасы. Балабақша, мектепте болсын бұл үлкен проблема. Сондықтан біз көктемде осындай сайыс жарияладық. Бұл байқауға кәсіби деңгейдегі мамандар қазылық етті.