Таразда газ саласына арналған мұражай бұрышы ашылды

Таразда алғаш рет газ саласына арналған мұражай бұрышы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи бұрыш Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының базасында орналасқан. Шара отандық газ саласының 60 жылдығына арналып отыр. Мұнда әу баста қызметкерлер қолданған құрылғылар мен салаға еңбегі сіңген ардагерлердің ақпараты жинақталған. Бұған дейін елімізде салаға қатысты ешқандай жинақ не бейнефильм жарық көрмепті. Сондықтан алдағы уақытта игі бастама газдандырылған өңірдің барлығында жалғасын табады. 

Ерқанат Темірханов, республикалық газ саласы ардагерлерінің төрағасы:

- Газ тарихының жұртқа келуі осыдан басталады. Әр облыста кітап шығарамыз тарихи. Одан кейін Қазақстан бойынша әр облысқа деректі тақтайша. 2 бөлімнен қазір біз 25 минуттан деректі фильм бастадық. Қазақстан газы туралы. Содан соң біз облыс бойынша жұмыс істейміз.

Сондай-ақ...