«Хабар» Агенттігі үздік телевизия жобаларын анықтауды қорытындылады

Бүгін «Хабар» агентігінің үздік телевизиялық жобалар мен идеяларды анықтауға бағытталған питчингі қорытындыланды.

Байқау «Astana Media Week» аясында ұйымдастырылды. Оған аймақтардан 50-ге тарта өтініш келіп түсті. Арасында теледебаттар, әлеуметтік, танымдық, ток-шоу, қысқа метражды фильмдер сияқты түрлі жанрдағы жобалар бар. Ең бірінші кезекте жастар аудиториясын қамтуға басымдық берілді. Шара екі кезеңде ұйымдастырылды. Алдымен өтініштер онлайн қабылданып, қазылар алқасы 8 жобаны іріктеп алды. Ал екінші кезеңде идея авторлары көпшіліктің алдында жобаларын қорғап, таныстырды.

Дәулетхан Жиенқұлов,  «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

- Қазылар алқасы қарадық. Соның ішінде үшеуін іріктеп алып біз алдағы уақытта бірге жұмыс істейміз деп шештік.  Олар әртүрлі жанрда. Танымдық, білім саласындағы жоба. Содан кейін «Біздің қаһармандарымыз» деген біздің көзімізге көріне бермейтін әр салада өзінің қаһармандығымен танылып жүрген азаматтар туралы қысқа метражды фильмдер. Тағы басқа да жоба бар. Бұларды міндетті түрде әрі қарай жобаны пысықтаймыз. Пысықтағаннан соң агенттіктің көркемдік кеңесіне ұсынылады. Содан әрі қарай бірге жұмыс жасаймыз.

Сондай-ақ...