Астанада продакшн компаниялар өнімдерін таныстырды

Қазақ сериал индустриясына қазір әлеуметтік тақырыптар жетіспейді.

Жұрт комедия, мелодрама жанрындағы туындылардан жалықты. Қолдан келгенше қоғамдағы өзекті мәселелерді сериалдар арқылы көрсетіп, одан шығар жолды көрерменмен бірге іздеуге машықтанғанымыз абзал. Астана media week алаңында бүгін продакшн -компанияларының өкілдері осындай ой айтты. Айтып қана қоймай, телевизия саласының майталмандары мен арна басшыларына төл өнімдерін таныстыруға мүмкіндіктері болды. 

Айгүл Байбек, продакшн компанияның құрылтайшысы:

- Меніңше бүгінгі күні реитинг жинайтын да сол әлеуметтік мелодрама. Мысалы, біз бүігн өгей әке деген проект ұсындық. Ол жерде жалғыз басты әйелдер туралы. Қазақстан өркендеу үшін бәрі отбасынан басталады. Бүгінгі күннің үлкен проблемасы ол жалғызбасты әйелдер.