Қытайдың ең үздік актрисасы болып қазақ қызы танылды

Риза Әлімжанқызы Қытайдың кино саласындағы ең беделді сыйлығымен марапатталды.

Биыл осы марапат 33-ші рет өтті. Комиссия кедейлікпен күреске арналған сериалдағы Ризаның еңбегін жоғары бағалап, оған бас жүлдені табыстады. 1986 жылы Бейжің қаласында дүниеге келген Риза Әлімжанқызы кино саласындағы қызметін 2007 жылы бастаған болатын.