Алматыда «Фантомдық әңгіме» сурет көрмесі өтіп жатыр

Алматыда «Фантомдық әңгіме» атты сурет көрмесі өтіп жатыр.

Онда қазақстандық ерлі-зайыпты қылқалам шеберлері  Елена мен Виктор Воробьевтың еңбектері қойылған. Авторлардың алғашқы көрмесі екі бөлімнен тұрады. Онда суретшілер сөніп тұрған теледидар экраны арқылы отбасылық өмірінің бір сәтін бейнелеген. Елена мен Виктор Воробьевтар 90-жылдардан бері бірге жұмыс істеп келеді. Суретшілердің туындыларында көбіне  кеңестік кезеңнен кейінгі өмір суреттелген.  Олар өз еңбектерінде  графика, түрлі техника мен жанрларды да қолданады. Авторлардың идеясын әріптестері де ерекше бағалап отыр.

Ақерке Дәменова, суретші:

- Маған бүгінгі көрме өте ұнайды. Негізі менің ойымша Елена мен Виктор Воробьевтар Қазақстанның заманауи өнеріне өте көп еңбек сіңірген. Және де олардың жұмыстарын, кураторлық жұмыстарын суретші ретінде жұмыстарын білемін. Және олар Қазақстанның тарихымен саясаттық үдерістермен өте байланысты. Маған олардың жұмыстары осы жағынан ұнайды.