Астанада «Жас сарбаз» атты республикалық әскери-патриоттық жиын басталды

Дәстүрлі өтетін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 150 өрен қатысуға ниет білдірген. Олар үш күн әскери дайындықтан өтіп, түрлі жаттығулар жасайды. Соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Айта кетейік, іс-шара қалалық әкімдіктің қолдауымен өткізіліп отыр.

Жасөспірімдер кезекті дала жиынында бас қосты. 12-18 жас аралығындағы өрендердің әскери-патриотттық жарысының ашылу салтанаты болды. «2018 жылы басталған жоба нәтижесіз емес», — дейді ұйымдастырушылар.

 Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы:

- Бүгінгі дала жиынында жасөспірімдер жастар кермеде тартылу, қыздар престен жүгіруден, әскери эстафетадан жарыстар өтеді. Үздік танылған взвод бөлім міндетті түрде Мемлекет басшысы қатысатын «Айбын-2023» жиынына жолдама алатын болады.

Студенттерде тіпті мектеп оқушыларында қызығушылық басым. Себебі үлгі тұтар генерал, майорлар бар. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, аға-буын әрдайым қолдау білдіреді.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы:

- Бұл дайындықтарың Отанымыздың күшейгенін білдіреді. Демек Отанымыздың абыройы көтерілгені. Болашағымыз сендер! Біз бір-бірімізбен мақтанып жүруіміз керек.

Әскери-патриоттық жиын үш күнге созылады. Белсенді қатысқандарға алғыс хаттар табысталып, «Айбын-2023» жиынына жолдама беріледі.