«Мемлекет неге дамымай қалады?» атты бестселлер авторлары Қазақстанға келді

«Мемлекет неге дамымай қалады?» ғасырлар бойы күллі адамзаттың көкейінде жүрген осы сұрақтың жауабы жазылған бұл кітап өткен жылы қазақ тіліне аударылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Енді бүгін бестселлер авторлары Қазақстанға келді. Жазушы-экономистер елордада оқырмандармен кездесіп, кітаптың мазмұнын толық түсіндірді. Сондай-ақ туындыда көтерілген мәселелерді талқылады. Жалпы бұл бестселлер соңғы уақыттағы ең ірі саяси-экономикалық энциклопедиялардың біріне айналды. Сан алуан пікірлер мен сараланған салмақты шешімдер жазылған. Тарихи деректерден алынған мысалдар да бар. Айта кетейік, кітаптың қазақша нұсқасы өткен жылы жарыққа шығып, барлығы 5 мың данамен оқырманға жол тартқан.

Теңіз Сейілхан, «MAZMUNDAMA» ҚҚ жетекшісі:

- Бұл кітап әрбір мемлекеттік қызметкердің үстел кітабы деп айта аламын. Бұл жерде «Мемлекет не үшін дамымай қалады?» деген зерттеу. Көп жылдардан бері осы екі автор зерттеген зерттеудің нәтижесінде осы кітапты шығарған. Осы кітапты шығарудағы мақсат — адамдардың жалпы саяси сауатын арттыру.

Сондай-ақ...