Петропавлда қазақ театры ашылды

Петропавлда жаңа қазақ театры ашылды.

Салтанатты шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Өнер ордасы 2018 – інші жылы салына бастап, «сақалды» құрылысқа айналған болатын. Алғашқы мердігер ұйыммен жасалған келісім шарт 3 рет ұзартылып, ақыры басқа компанияға берілді. 500 орындық нысанға бюджеттен 4 млрд теңгеден аса қаражат  жұмсалды. Енді мұнда қаладағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының ұжымы жайғасады. Бұған дейін олар ескі ғимаратта өнер көрсетіп келді.

Гүлнәр Бекеш, қала тұрғыны:

- Көптен сағына күткен қазақ театрының ашылуына біз өте қуаныштымыз. Бұл көптен күткен мен қазақтың арманы ғой, әрине. Кіріп шығып көріп жатырмыз, үлкен, әдемі, сәнді.