«Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда «Қазақстан аруы-2022» ұлттық сұлулық байқауы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі сайысқа елдің әр өңірінен үздік шыққан 23 бойжеткен қатысты. Ақтық сында 12 ару бақ сынады. Ақырында 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова жеңімпаз атанды. Қазақстан аруына 5 миллион теңге, «Тұран» университетінің кез келген мамандығына грант және көптеген бағалы сыйлық табысталды. Ал Алтынай Ғазизова «Көрермен көзайымы», Томирис Заир «Қазақстан вице-мисі», Дильназ Тілаева «Жер аруы-Қазақстан» және Диана Тәшімбетова «Ғалам аруы-Қазақстан» атағын иеленді. 

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті:

– Жаз айынан бастап 20 мыңнан астам қыз өтінім білдірді. Оның үстіне аймақтық қыздар да қатысатын болады. 7 аймақ кірген жоқ, өйткені біздің жеке және әлемдік стандартқа сәйкес болған жоқ. Оған ренжудің қажеті жоқ. Енді жоғары талап қойылған соң әр ережеге сәйкес мінез құлқы, ішкі рухани байлығы барлығына қараймыз.