«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы байқауына республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты. Жүзден жүйрік шыққандар арасында «Хабар 24» арнасының Қызылордадағы тілшісі Нұрлан Жақыпбеков та бар. Еліміздегі  этножурналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген тілшілер қоғамдық келісім жайлы қалам тербеген.

Гүлбақша Ахажанова, бас жүлде иегері:

- Қарағанды облысында «Түрі бөлек болса да, тілегі бір, жүзі бөлек болса да жүрегі бір» жандар бар екенін тағы бір дәлелдеді деп ойлаймын. Біз ел ішіндегі ерекше жандарды іздейміз. Менің бағдарламамдағы кейіпкерлер өзге ұлт өкілдері. Бірақ қазақтың салт-дәстүрін сақтаған, қазақ тілінен білім мен ілім іздеген жандар.