Беларусьтегі Қазақстан мәдениеті күндері кинофестивальмен ашылды

Беларусьтегі Қазақстан мәдениеті күндері қазақ киносының фестивалінен басталды.

Минск тұрғындары "Паралимпиадашы","Дос-Мұқасан","Балуан Шолақ", "Ұлы Дала таңы" фильмдерін көре алады. Қазақстан мәдениеті күндері екі елдің арасында дипломатиялық қатынас орнауының 30 жылдығына орайластырылған. Осы ауқымды шара аясында Ғазиза Жұбанова атындағы квартеттің концерттері мен шеберлік сыныбы және қазақ өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы мәдени күндері екі елдің басшылары уағдаластық келісімшарттар аясында жүзеге асып жатыр. Бүл екі халықтың ортақ мәдениетін көрсету арқылы достығымызы нығайту. Қазақ киноның ерекшелігі, әрине, ол соңғы жылдары түсірілген фильмерді Беларусь жұршылығына көрсету. Ол арқылы екі елдің киносаласындағы мәдениетіміздің байланысын нығайту. Әрине, біздің ортақ тарихымыз бар, көптеген бірлескен кино түсіріліп жатыр.