Қазақ оркестрі Берлиннің өнерсүйер қауымын баурап алды

Германия астанасында Дина Нұрпейісова атындағы Атырау академиялық халық аспаптары оркестрінің концерті өтті.

Мәдени шара Қазастан мен Германия арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына арналды.

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау академиялық халық аспаптар оркестрі осыған дейін Франция, Австрия және Сербияда өнер көрсетті. Енді міне Концертхаус сахнасына шықты. Бос орын жоқ. Қазақ оркестірін тыңдау үшін саясаткерлер, дипломаттар, кәсіпкерлер мен өнер сүйер қауым келді. Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған концертті Берлиндегі елшіміз Нұрлан Оңжанов, пен Германия сыртқы істер министрлігінің уәкілі Маттиас Люттенберг ашты. 

Өнерпаздар Берлинге ,,Еуропадағы Ұлы дала әуендері,, деп аталатын ерекше бағдарлама әкелді. Ұжым көрерменнің назарына қазақ халық музыкасының туындыларын ұсынды. Мерекелік кешті Түркештің «Көңілашар» күйі ашты. Осыдан кейін бас дирижер Болат Долдашев басқарған оркестр Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың әйгілі күйлерін орындап берді.   

Маттиас Люттенберг, ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөнінде уәкілі:

- Концерт маған өте ұнады. Қазақ ұлттық аспаптарының музыкалық палитрасына тәнті болып, халық музыкаларыңызбен таныстым. Оркестр өте жоғары деңгейде орындады.  Айта кету керек, Радецкий маршін естіп, таң қалдым. Бейімдеуі өте қызық болды.

Домбыра, қыл қобыз бен шертердің бірегей әуені көрерменді баурап алды. Сондай-ақ олар солистердің әншілік шеберлігін жоғары бағалады. Ал неміс классигі Гётемен байланысты ұлы Абайдың музыкасы тосын сый болды.  

Сағынтай Копжасаров, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы:

- Шетелдік композиторлардан Штраустың шығармасың ойнадық. Сосын «Қаранғы түнде тау қалқып» Гётенің «Песня ночного странника», деп аталатын өлеңін Абай Құнанбаев аударды одан ары қарай Лермонтов аударған болатын. Міне осы әнді бүгін тарту ретінді ала келдік.+ Әрине, бүгінгі бағдарламамыз біздер ықшамдап, уақытына лайықтағанбыз, дегенмен көрерменнің қошеметі бізді сахнадан өздеріңіз байқағандай жібермей қойды.

Көрерменге жиырмадан аса туынды ұсынылды. Концертті күй тартысын шебер орындаған домыбрашылар аяқтады. Көремендер көшемет көрсетіп әрітстерімізді жібергісі келген жоқ. Сондықтан олар сахнада қалып, тағы үш шығарманы орындап берді.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы шығыс комитетінің өңірлік директоры:

- Берлинде қазақтың дәстүрлі музыкасын тыңдауға мүмкіндік туындағанда, мен үнемі қуана барамын. Әсіресе ол осындай керемет залда орындалса. Концертке тәнті болдым. Әсіресе домбырашылар триосы ұнады.

Лина, көрермен:

- Өзім Қазақстанда дүниеге келгендіктен, бұл мен үшін ерекше күн. Бұл концерт жүрегіме жетті. Бірден бала шағымды еске алдым. Бүкіл залға әсер еткенін көрдім.  Домбыра мен қобыз қазақ музыкасының байлығын ашып берді.

Атыраулық әртістер Берлин тұрғындарына ұмытылмас кеш сыйлады. Енді өнерпаздарымызды Төменгі Саксонияның орталығы - Ганновер қаласында күтіп отыр.

Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновски