Беларусь пен Қазақстан мәдени меморандумға қол қойды

Беларусь мемлекеттік филармониясы мен Қазақконцерт ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Салтанатты шара осы елде өткен Қазақстанның мәдени күндері аясында жүзеге асты. Шара аясында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев беларусьтық әріптесі Анатолий Маркевичпен кездесті. Қазақ делегациясы Беларусь музыка академиясына барып, студенттерге домбыра сыйлады. Ауқымды бағдарлама еліміздің танымал әртістерінің қатысуымен өткен гала концертпен аяқталды. Беларусьтағы Қазақстан күндері биыл осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Дәурен Абаев,  ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бізде бірлескен жоба көп. Әлеуетеміз мол. Мысалы, кітапхана мен мұражай ісі, қазіргі заман өнері және кино өндірісі салаларын айтар едім. Алда мәдени саладағы ынтымақтастықты арттыруға күш сала береміз.

Анатолий Маркевич, Беларусь мәдениет министрі:

- Біз кинематографтың жақсы туындысын көрдік. Би, ән және безендірумен Қазақстан тарихы өте тамаша берілді. Алда түрлі жоспар бар. Соның бәрін талқыладық. Оларды бірлесіп жүзеге асыруға ниеттіміз.