loader


Астанада текемет басудан шеберлік сағаты өтті

Қыз-келіншектер мен студенттер ұлттық бұйымдарды жасап, қолөнершілердің кеңесіне құлақ түрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашық қоңыр түсті текеметтің айналасындағы топ заманауи қолөнершілерден дәріс алып жатыр. Олар дайын киіздің бетіне жүнді жабыстырып, әрлеуде. Құрғақ киізден текемет басу - жаңадан шыққан әдістердің бірі. Бұрынғы апа-әжелеріміз қолданған тәсілден ерекшеленеді. Бұл – дәстүрлі және заманауи әдістерді тоғыстырған аралас техника.

Заманауи текеметтерді басқан кезде қолөнершілер осылай инемен оюды бекіту әдісін пайдаланады. Бұл адамның жүйке жүйесіне де пайдалы және екінші жағынан үй жағдайында жұмыс істеуге де ыңғайлы. Жалпы бір оюды текеметке бекіту үшін бес сағатқа дейін уақыт кетеді екен.

Қолдан жасалған өнімдерге қазір сұраныс көп. Әсіресе ұлттық нақыштағы киімдер мен кілем төсеніштер тренде. Сонымен қатар, бұл салт дәстүрді, әдет ғұрыпты дәріптеуге жақсы мүмкіндік дейді сала мамандары. 

Мәдина Қуандық, этнодизайнер:

- Бұрыңғы кезде әжелердің ізімен деп айтып жатамыз ғой. Барлығы ауылда қосылып, бірге текемет жасан. Бірінші бір үйге жасаған. Сосын келесі үйге жасаған. Біз бұны қазір құрғақ екі әдісті қосып жасап жатырмыз. Ол сумен емес. Біз міне суғой валяние деп атаймыз. Осы құрғақ техникада.

Осындай сабақтардың біріне бүгін студенттер де келген. Жастарды сөзге тартып, қазақтың қолөнеріне қатысты ойын білдік.

Мен бұрын әжемнің қолында өскенмін. Сондықтан бұның шет жағын білемін. Қалай жасау керектігін білемін. Қазіргі уақытта біз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, біздің ұлттық құндылықтар ұмытылып барады. Осындайды мен болашақта қолға алатын едім.

Алтынай Тәңірбергенова, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

- Бұл шара «Ана тайм» деген аналарға арналған оқу ретіндегі үшінші практикалық модуль болып табылады. «Ана тайм» деген мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін әйелдерге және қиын жағдайға түскен әйелдерге ақша табу жолдарын, өздерін депрессияға түспей соған  арналған программа.

 «Ана тайм» бағдарламасы арнайы санаттағы аналарға бизнес жүргізу жолдарын үйретеді. Кейін олар мемлекеттік грант алуға қатысып, кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Руслан Әлиев

 

 

Сондай-ақ...