Алматыда «Шерпе күй» республикалық дәстүрлі музыкалық фестивалі аяқталды

Алматыда «Шерпе күй» республикалық дәстүрлі музыкалық фестивалі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға тігілген бас жүлде 1 млн теңгені Мадияр Сүлейменов жеңіп алып, шерпе күйдің шебері атанды. Оған қоса, жүлделі үш орынның барлығы бірдей  қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Еске сала кетейік, 3 күн бойы қатысушылар дәстүрлі шертпе күй мектебі өкілдерінің шығармасын орындап, ұлттық өнерді насихаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күй өнерінде  шертпе күйдің орны ерекше. Ол әсіресе Алтай, Тарбағатай, Ұлытау, Шыңғыстаудан бастап,  Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қоныстанған ел арасына кеңінен таралған. Сондай-ақ, шара аясында Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Отырар сазы» ұжымына шебер Жолаушы Тұрдығұлов жасаған 40 домбыра табысталды.

Алтынбек Ахметов, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі директорының орынбасары:

- Әр өңірден конкурсанттар қатысты. Әздерінің жолдамаларын берді. Соның ішінде 39 конкурсант іріктеліп, соның 15-і финалғ шықты. Күй өнерінің майталмандары соның ішінде шертпе күй өкілдері Жанғали Жүзбаев ағамыз, Біләл Ысқақов ағаларымыз, Секен Тұрысбеков ағаларымыз, Мұрат Әбуғазы және өзіміздің Құрманғазы оркестрінің бас концертмейстрі жақсы домбырашымыз Батыржан Мықтыбаев төрағалық етті.