Алматыда IV Халықаралық АMEN анимациялық фильмдер фестивалі басталды

Дәстүрлі шара аясында биыл әлемнің 15 мемлекетінен келген аниматор мамандардың 50-ге тарта туындысы сарапқа салынады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында  «Бекзат», «Батыр ұшқыштар», «Тентектер» атты отандық анимациялық фильмдер де бар. Қазақ анимация өнерінің аяқалысы қуантады,  мамандардың да әлеуеті жоғары», - дейді сарапшылар. Фестиваль аясында Польша, Франция, Грузия, Испания, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның аниматорлары түсірген туындыларды Константин Бронзит басқаратын білікті қазылар алқасы таразылайды. Фестиваль Мейіржан Сандыбайдың «Шырақ» қысқаметражды анимациялық фильмімен ашылды. Айта кетейік, биыл қазақ анимация өнеріне - 55 жыл. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш қазақ мультфильмі 1967 жылы экранға шыққан болатын.

Адай Әбелдинов, Аmen анимациялық фильмдер фестивалінің тең президенті:

- Тоғыз номинация бар. Биылғы жылы, гран придан бастап үздік сценарий, үздік көркемдік шешім, үздік фильм, үздік сериал, үздік студенттік жұмыс деген сияқты. Біз биыл екі бірдей жаңа сыйлықты тағайындадық. Ол Әмен Хайдардың атындағы арнайы сыйлық, және қауімдастықтың осы фестивальді ұйымдастырып жатқан қауымдастықтың арнайы сыйлығы.

Жәнібек Оразалы, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:

- Талантты жастар, талантты студиялар бар Америкадан заказ алып істеп жатқан, Еуропадан заказ істеп жатқан Жапония, Ресейдің де анимациялық фильмдерінің жасалуына атсалысып жатқан талантты жастарды жақсы білеміз. Солардың ішінде өзімнің шәкірттерім де студенттерім де бар. Бұл Қазақстандағы анимациялық кино саласы мамандарының қабілетінің де талантының да жеткелікті екенін көрсетеді.