loader


Қазақстанның тарихын комикс өнері арқылы насихаттау талқыланды

Қазақстанның тарихын, мәдениетін арт-менеджмент бағытында насихаттау қажет.

Бұл елді виртуалды форматта танытудың жаңа технологиялық үлгісі бола алады. Алматыда Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықарлық Бизнес университетінде бас қосқан  мамандар осылай дейді.  Жиынға АҚШ пен Оңтүстік Кореядан да мамандар қатысты. Олар Қазақстанда арт-менеджмент және вебтун бағыттарын дамытуды талқылады. Бұл екі бағыт Орталық Азияға енді ғана енді деуге болады. Мысалы, арт-менеджмент 3Д форматы арқылы ұлтымыздың тарихын, этносын виртуалды әлемде жандандыруға мүмкіндік береді. Солай халықаралық көрмелерде мемлекет туралы жан- жақты ақпаратты бір сәтте көрсетуге болады. Ал вебтун – Оңтүстік Кореяда пайда болған цифрлық комикс. Бұл жанр бүгінде кітаптан гөрі смартфонға әуес жастарға батырлар мен тарихи оқиғаларды таныстырудың оңтайлы жолы. Оның үстіне комикс жасау әдеттегі фильм болмаса сериал түсіргеннен 10 есе арзан.

Бақтияр Сәбденалиев, К. Сағадиев атындағы ХБУ проректоры:

- Қазір корей мәдениеті қатты сұранысқа ие. Әсіресе жастардың арасында. Сондықтан қазір Оңтүстік Кореяда манхва комикстар секілді дүниелерді кеңінен оқиды екен. Және бұлардың зерттеуі бойынша біздің Қазақстанда 14-17 жастағы жастар қатты қызығады осы бағытқа. Бұл сол манхва комикс бағытын продюсировать ету. Қалай нарыққа шығару.

Сондай-ақ...