Талдықорғанда Н. Иманғалиұлының 70 жылдығына орай көрме өтіп жатыр

Талдықорғандағы Мұхаметжан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Бай-қуатты болайық!» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Аталған шара белгілі журналист, танымал тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көрмеде ардагер журналистің өміріне қатысты түрлі экспонаттар қойылды. Нұртілеу Иманғалиұлы қызмет барысында ешкімді бөліп-жарып, алаламайтын. Әділетсіздікке төзбейтін және өз ойын ашық әрі батыл айтатын азамат болды. Ол осындай ерекше болмыс-бітімімен, қайсар мінезімен елінің сүйікті ұлына айнала білді.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

- Бүкіл творчествосын, ғұмырын, өмірбаянын бейнелейтін арнайы жинақ кітап шығару жөнінде мақсат қойып отырмыз. Алдағы жылдары Нұрекеңнің атындағы ол кісі білесіздер сегіз қырлы бір сырлы жігіт болған. Бильярд турнирі бола ма, футбол турнирі бола ма, оны да Бейсен Құранбектікі сияқты өткізу ойымызда бар.