loader


ҚҚК әскери оркестрі Ташкентке барды

Елдің конституция күніне арналған мерекелік шарасына қатысып, өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақы әндер орындалып, күйіміз шертілді. Қазақстан бен Өзбекстан осы күні қорғаныс саласында тығыз байланыс орнатқан. Бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Ортақ күш-жігерін аймақтағы қауіпсіздік қамтамасыз етуге бағыттайды. Әскери оркестрді Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов бастап барды. Ресми кездесулерден кейін «Халықтар достығы» алаңында концерт өтіп, «Жеңіс бағы» мемориалдық саябағына гүл шоқтары қойылды. Өзбекстанның «Айбын» республикалық әскери-патриоттық шарасына қазақстандық өрендердің қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Сұлтан Камалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Мұндай мазмұндағы шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біз де өз кезегімізде, Өзбекстанның әскери оркестрін Қазақстанға шақырдық. Әскери білім, ғылым және жастарды тәрбиелеу бағытында бірқатар келісімдер жасадық.

Сондай-ақ...