«Атамекен» газетіне 90 жыл толды

«Атамекен» газетінің мерейтойына орай өткізілген іс- шараға елімізге белгілі ақын-жазушы, журналистер мен жалпы оқырман жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл басылымда Балғабек Қыдырбекұлы, Сейдахмет Бердіқұлов, Оспанхан Әубәкіров сынды көрнекті жазушылардың алғашқы шығармалары жарық көрді. Газеттің тарихы, жетістіктері, шығармашылық ұжымы, редактор, тілшілері  туралы  көрсетілген бейнесюжет әсерлі шықты.

Тұрсынжан Тоқтасын, «Атамекен» газетінің тілшісі:

Жалпы алғанда 90 жылдық тарихи бар аудандық «Атамакен» газетінің ойып алатын өзінің орны бар баспасөз орнында. Осындай Жамбыл атамыздың тұмарлы бейнесімен шығып келе жатқан «Атамекен» газетімізді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Әрине, біз сол арқылы өзіміздің биігімізді бағындырдық. Оқырманымызды таптық.Сонымен бірге осындай үлкен марапаттарға ие болып отырмыз. 

Газетті әр жылдары белгілі жазушы, қаламгерлер; Нағашбек Қапалбекұлы, Күмісжан Байжан, Есенқұл Жақыпбеков, Рәтбек Терлікбаевтар басқарды. Ардагерлерге құрмет көрсетілді, алғыс хаттармен марапатталды. Басылымда шығармашылық жолын бастаған жандар бүгінде танымал журналистер.

Талғат Сүйінбай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:

Мына жерде газетте оқысаңыз батырлар мен ақындар елі және редакторлар өңірі деген сөз бар қарасаңыз. Сөйтсек «Социалистік Қазақстан» редакторы, «Лениншіл жас» редакторы, «Қазақстан пионерінің» редакторы, «Азия» халықаралық газетінің редакторы бәрі осы жерден шыққан. СКЛ Әрине, үмытламайды ол кездер. Өйткені, танымал кісілер ғой. Бұның барлығы «Екпінді еңбектен» «Атамекеннен» тырнақалды дүниелдерін жариялап шыққан қайраткерлер.

Газеттің жалпы таралымы 5500 дана. Апталық басылым мазмұнды мақалалар, сүбелі сұхбаттар, тарихи-тағылымды дүниелерін оқырманға ұсынып, халыққа қызмет етіп келеді.

Авторлары: А.Садуақас, Аят Дүйсембаев