«Астана Опера» алғаш рет Бакуде өнер көрсетті

Астана Опера алғаш рет Әзербайжан астанасында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қазақ әртістерінің гала концерті Бакудегі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Концерт 2 ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 30 жылдығына арналған. Бұл Астана Опера әртістерінің пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік гастролі. Олар әзербайжандық өнер сүйер қауымға танымал отандық және әлемдік туындыларды орындады.     

Гүлдана Алдадосова, опера әншісі:

- Біз бұған дейін Алматыда болдық. Онда оныншы мерейтойлық концерт бердік. Бакуге алғаш келуім. Әдемі қала екен. Сәулеті таң қалдырады. Біздің тіліміз бен мәдениетіміз ұқсас.   

Әзербайжанның опера және балет театрының сахнасында Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлуы», Мұқан Төлебаевтың «Біржан Салы», Моцарттың «Сиқырлы сыбызғы» операсы орындалды. Симфониялық оркестрге Руслан Баймурзин дирижерлік еткен.    

Руслан Баймурзин, дирижёр:

- Бізбен бірге театрымыздың солистрі де келді. Бұл Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген қайраткерлері әрі халықаралық байқаулардың лауреаттары. Пандемия басталғалы толық құраммен алғаш рет шетелге шығып, осындай ірі шара қатысып отырмыз. Мұнда 140 адам боп келдік.

Баку халқының зор қошеметіне бөленген Астана опера әртістерінің келесі гастрольдік сапары Минскке жоспарланған. Беларусьтың ұлттық академиялық театрының сахнасында отандастарымыз Россинидің «Жібек саты» операсын орындайды.