Отандастарымыз АҚШ сахнасында

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен жас таланттардың әлемдік сахналық өнер фестивалінде қазақтандық музыканттар көрерменді тәнті етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектептің оқушылары Рамина Белгібаева, Әмина Мелихат, Жанель Жұмабай және Назым Байсұлтановалар АҚШ-тың алты штатынан келген студенттерімен бірлесіп өнер көрсетті, жеке дара шығып та шеберліктерін паш етті. Бұған дейін қазақстандық таланты оқушылар АҚШ астанасында еліміздің тәуелсіздік күніне арналған арнайы концерт берді.

Владимир Дье,  ұйымдастырушы:

- Біздің мақсатымыз – америкалық студенттерге қазақ музыкасын, мәдениетін, ал Қазақстаннан келген өнерпаздарға АҚШ мәдениетін таныстыру болды. Олардың бір сахнада, бір оркестр құрамында өнер көрсеткеніне қуаныштымыз. Біздің миссиямыз мәдениет арқылы әлемде достықты, бейбітшілікті нығайту.