Сеулде астаналық жас опера әншісінің дебюті өтті

Қазақ тенорының орындауында корей классикасы. Сеулде астаналық жас опера әншісінің дебюті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрқанат Тәпиев Кореяның ең танымал композиторына арналған концертке қатысты.

Владислав Цой, тілші:

- Отандасымыз Нұрқанат Тәпиев кореялық көрермен алдында тұңғыш рет өнер көрсетті. Опера әншісі кәріс халқы үшін ең танымал Хон Нан Па-есімді композитордың туындысын орындады. Қазақ  Абайды қалай құрметтесе, кәріс ұлты үшін Хон Нан Па сондай құрметті тұлға. Сондықтан  Нұрқанаттың орындауын жергілікті жұрт ыстық ықыласпен қабыл алды.

Жиырма екі жасар Нұрқанат Тәпиев Қазақ ұлттық өнер университетінің 4-курс студенті. Бірақ Ресей мен Италияда өнер көрсетіп үлгеріпті. Сеулдегі алғашқы концертке Нұрқанат 2 ай бойы дайындалды.

Нұрқанат Тәпиев, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті:

- Мен енді французша, орысша, қырғызша көп тілдерде ән айттым. Бірақ кәрісше қиын жағы оларда біздің қазақ тіліндегідей твердый емес тілдері нын, мын, сондай қиыншылықтар болды нын бы солай ажарыта алмай сондай произношение жағынан қиыншылық болды.

Нұрқанатты Кореяға шақырған Пексок университетінің профессоры Лим Чон Хва қырық жылға жуық сахнада өнер көрсетеді. 2019 жылы оның Қазақ ұлттық өнер университетімен ынтымақтастығы басталды. Содан бері сопрано Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің салтанатты қабылдауларында тұрақты қонақ болып келеді.

Нұрқанат Тәпиевтың Кореядағы дебюті сәтті өтті. Қазақ өнерпазына деген құмет ерекше болды. 

Лим Чон Хва –Пексок университетінің профессоры:

- Нұрқанат корей ұлы композиторы Хон Нан Паның даңқын әлемдік сахналарда асқақтататынына сенімдімін. Мен мәдени алмасуды жалғастыру үшін Корей әншілеріміз Қазақстанда өнер көрсетсе, қазақ өнерпаздары корей сахнасына шығуы үшін бар күшімді саламын.

Хон Ик Пе,  Хон Нан Па қорының төрағасы:

- Бүгін індет басталғалы алғаш рет концерт өтті. Қазақстанның әншісі Нұрқанат тамаша өнер көрсетті. Ол корей әндерін өте сезімтал орындады. Корей акцентін да байқамайдым.

Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастық келесі жылы да жалғасады. Профессор Лим Чон Хва Астанада шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отыр. Ал Нұрқанат Тәпиев тағы да Сеул сахнасында өнер көрсетуге шақырылды.

 Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян