loader


Елордада айтыскерлер Тәуелсіздік туралы шырқады

Елордада «Тәуелсіз елім - тірегім» республикалық ақындар айтысы өтті.

Ел егемендігі мен ұлт тұтастығына арналған додаға еліміздің түкпір-түікпірінен жиналған 14 ақын қатысты. Сөз зергерлері халқымыздың азаттығы мен ұлылығын әлемге паш ететін Тәуелсіздігімізді жырларына қосты. Нәтижесінде, қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Бас жүлдені иеленді. Ал жүлделі бірінші орын түркістандық Бекарыс Шойбековке бұйырды. Айта кету керек, киелі өнерді насихаттауға «Аманат» партиясы мұрындық болған.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Айтыс қазақтың бойтұмары ғой. Ата бабамыздан Аманат болып келе жатқан киелі өнер жәдігері деп айтуға болады. Сондықтан Аманат партиясы ешбір қиындыққа қарамай осы жылдың өзінде бірқатар республикалық айтыстар ұйымдастырды. Айтыскер, жазушы, жалпы мәдениетке жақын адамдарды қолдап келе жатыр. сондықтан осы жобаларды дәстүрге айналдырамыз деген ниет бар.

Сондай-ақ...