Астанада қазақ батыры туралы комикс таныстырылды

Астанада қазақ батыры Есек-мерген туралы комикс таныстырылды.

Бұл сценарист Бек-Ата Даниял мен суретші Мағира Тілеубердинаның туындысы. Кейіпкер туралы ақпарат кітаптардан жиналған. Көз майын тауысатын жұмыс бірнеше айға созылды. Комикс төрт бөлімнен тұрады. Бұл авторлардың алғашқы еңбегі емес. Бұған дейін де қазақ аңыздары мен мифологиясына негізделген бірегей сюжеттер шетелдіктерге таныстырылған еді.

Мағира Тілеубердина, суретші:

- Комикстің негізгі мақсаты – комикс саласын дамыту. Екіншіден, жастарымыздың тарихи жастарымыздың тарихи тұлғаларға назар аудару болатын және де осы батырлардың сурет арқылы, сол комикс арқылы көрсеткіміз келген.